Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 15 мамырында Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, яғни ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды мен Оралда метеорологиялық жағдай кешеден бері жайсыз болып тұр. Ақтауда, күндіз Астана мен Атырауда да метеорологиялық жағдай нашарлап, ауа ластанады.

Қостанайда керісінше, метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың ыдырауына әкеліп соғады. Қазақстанның қалған қалалары бойынша синоптиктер қандай да бір өзгерістер болатынан болжамады.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) жасалатын болжам.

Соңғы жаңалықтар