
11:44
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 қазан күні Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«2019 жылғы 9 қазан күні Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа ластануы күтіледі», делінген хабарламада.
Қалған қалаларда метеожағдай қолайлы болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.