Қазақстанның 4 өңірінде тағы 15 адам коронавирус жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 4 өңірінде тағы 15 адам коронавирус жұқтырды деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

1 сәуір, сағат 11:15-тегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан тағы 6 адам, Алматы қаласынан - 2 адам, Қарағанды облысынан 1 адам, Ақмола облысынан 6 адам коронавирус жұқтырды. Осылайша, еліміз бойынша жаңа вирусты жұқтырғандар саны саны 363 адамды құрады.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 184

Алматы қаласы – 84

Шымкент қаласы – 3

Ақмола облысы – 16

Ақтөбе облысы – 3

Алматы облысы – 8

Атырау облысы – 16

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысы – 3

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 14

Қызылорда облысы – 18

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 3

Түркістан облысы – 5


Соңғы жаңалықтар