Қазақстанның 4 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Көлік қозғалысына тыйым салынған облыстардың ішінде Ақтөбе облысында:

«Самара-Шымкент» автожолының 776-965 шақырымында, атап айтқанда, Өлке мен Қарабұтақ елді мекендерінің аралығындағы жол бөлігінде, «Самара-Шымкент» автожолының 526-615 шақырымында, атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының шекарасы мен Қобда ауылының аралығындағы жол бөлігі.

Алматы облысында:

«Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станцияларының аралығындағы (аталған учаске реконструкцияланып жатыр, АБК «Автодор НС») жол бөлігі.

Шығыс Қазақстан облысында:

«Өскемен - Шемонаиха-Ресей шекарасы» автожолының 105-123 шақырымында, атап айтқанда, Шемонаиха қаласы мен РФ шекарасы аралығындағы жол бөлігі.

2.«Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман көздері» автожолының 7-166 шақырымында, атап айтқанда, Ушановск ауылы мен Алтай қаласы аралығындағы жол бөлігі.

«Алматы-Өскемен» автожолының 971-1046 шақырымында, атап айтқанда, Қалбатау ауылы мен Уланское ауылына бұрылыс аралығындағы жол бөлігі.

«Өскемен-Риддер-РФ шекакрасы» автожолының 15-105 шақырымында, атап айтқанда, Белоусовка ауылы мен Риддер қаласының аралығындағы жол бөлігі.

«Өскемен -Шемонаиха-Ресей шекарасы» автожолының 36-102 шақырымында, атап айтқанда, Предгорное ауылы мен Шемонаиха қаласының аралығындағы жол бөлігі.

«Өскемен - Семей» автожолының 10-198 шақырымы, Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығындағы жол бөлігі.

«Алматы-Өскемен» автожолының 778-967 шақырымында, Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылының аралығындағы жол бөлігі.

«Омбы-Майқапшағай» автожолының 756-906 шақырымында, Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығындағы жол бөлігі.

Батыс Қазақстан облысында:

«Орал-Тасқала-Ресей шекарасы» автожолының 31-104 шақырымында, Переметное ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы жол бөлігі.

«Самара-Шымкент» автожолының 195-246 шақырымында, РФ шекарасы мен Орал қаласының аралығындағы жол бөлігі.

«Атырау-Орал» автожолының 375-492 шақырымында, Чапаево ауылы мен Орал қаласының аралығындағы жол бөлігі.

«Самара-Шымкент» автожолының 265-526 шақырымында, Подстепное ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы жол бөлігі.


Соңғы жаңалықтар