Қазақстанның 4 облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарындағы жолдарда барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

9 наурыз күні сағат 20:30-дан бастап, ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, көктайғақ, жол көрінісінің қиындығы) «Самара-Шымкент» тасжолының 526-618 шақырымында, нақтырақ айтқанда БҚО шекарасы мен Қобда ауылының аралығында барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынған.

Сағат 21:55-те Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жол көрінісінің қиындығы, көктайғақ) «Самара-Шымкент» тасжолының 394-526 шақырымы, Ақтөбе облысының шекарасы мен Жымпиты ауылының арасында барлық көлік түрлеріне жүруге болмайды.

Сағат 22:00-де Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды.

Атап айтқанда:

1. «Жезқазған - Петропавл» 701-786 шақырымы, Новоишимское ауылы мен Сергеевка 2 қаласы.

2. «Мамлютка - Қостанай» 103-180 шақырымы, Пресновка ауылы мен Қостанай облысының шекарасы.

Сағат 22:15-те Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты СҚО-да (бұрқасын, жол көрінбейді) «Мамлютка - Костанай» трассасының 180-250 шақырымы, СҚО шекарасы мен Ұзын көл ауылының арасында барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар