Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің төрт облысында тұман, көктайғақ және қатты жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

7 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, 8-9 желтоқсанда облыстың солтүстігінде тұман түседі.

7 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

7 желтоқсанда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.


Соңғы жаңалықтар