Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 14 желтоқсан күні Қазақстанның 4 қаласында  метеорологиялық жағдай жайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Астана, Көкшетау, Петропавл және Шымкент  қалаларында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар