Қазақстанның 36 жеңіл атлеті Олимпиада жолдамасы үшін сынға түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкок қаласы 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңіл атлетикадан Азия құрлығы бойынша іріктеу кезеңін қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Бангкоктағы іріктеу кезеңінде 36 спорт түрі бойынша жолдама сарапқа салынады.

Жалпы, Азия аймағына 89 квота бөлінген. Оның 57-сі - ұлдарға, 32-сі - қыздарға. Аргентинада әрбір сайыс түрінен бір елден бір спортшыдан артық қатыса алмайды. Қазақстан Таиландқа 36 атлет апарғалы отыр (15 ұл, 21 қыз). Олар - 11 облыс пен Астана және Алматы қалаларының спортшылары.

Жасөспірімдер арасында өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын аталмыш дода 4-5 шілдеге жоспарланып отыр. Ал жалпы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары 6-18 қазанда Аргентинаның Бэунос-Айрес қаласында өтеді. Олимпиада ойындарына 18 жасқа толмаған спортшылар қатысады.

Соңғы жаңалықтар