Қазақстанның 350-ге жуық компаниясы алыс шетелге жүк тасымалдаумен айналысады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев алыс-жақын шетелге тасымалдауды лицензиялау тетігі туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде отандық тасымалдаушылар әлемнің 42 елімен жасалған автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімдер аясында жүк тасымалдауды жүзеге асырумен айналысып жүр. Осы келісімдердің 34-і жүк тасымалдаудың толық рұқсат беретін, алтауы тек үшінші елдерге/елдерден тасымалдауға рұқсат беретін, екеуі жол жүрудің толық рұқсат беретін жүйесін қарастырады», - деп жазды Еркебұлан Дауылбаев депутаттық сауалға жауабында.

Осыған байланысты, халықаралық автомобиль тасымалы ішкі нарығының мүдделерін ескере отырып, шетелдік өкілетті органдармен рұқсат бланктерімен (шамамен 140 мың бірлік) алмасу жүзеге асырылады. Бұл бланктер автоматтандырылған жүйеде үлестіріліп, сұраныс көрсетілген тасымалдау түріне рұқсаты бар отандық тасымалдаушыларға беріледі.

«Алыс шет елдерге тасымалдаумен 7 615 автокөлік паркі бар 350-ге жуық отандық компания айналысып отыр. Бұл ретте, қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда халықаралық тасымалдаумен 13 елдің (Латвия, Литва, Германия, Ресей, Грузия, Беларусь, Түркия, Нидерланды, Италия, Ауғанстан, Пәкістан, Иран және БАӘ) субъектілерінің қатысуымен 41 бірлескен кәсіпорын және шамамен 2 мыңға жуық көліктен тұратын парк айналысуда», - деп түйіндеді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар