+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Қазақстанның 33 азаматы Сауд Арабиясынан елге оралды

2020 жылғы 25 наурыз 11:15
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 33 азаматы Сауд Арабиясынан елге оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы қазақстандықтар елге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
55 қазақстандық Америкадан елге оралды

Азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Сауд Арабиясының мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен 24 наурызда осы елдегі отандастарымыз елге қайтарылды.

«Қазақстанның Әскери-әуе күштері әскери-көлік авиациясының атсалысуымен Қазақстанның 33 азаматы «Джидда - Ақтау» бағыты бойынша аман-есен үйіне оралды. Бұл азаматтар Корольдіктің аумағында болған және Сауд билігі COVID-19 таралуына қарсы шаралар қабылдау аясында шектеу шараларын енгізіп, халықаралық әуе, жер үсті және теңіз қатынастарына толық тыйым салу салдарынан елден шыға алмай қалған» делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта Сауд Арабиясының аумағында Қазақстан Республикасының 100-ге жуық азаматы өз еркімен қалды. Олардың көпшілігі келісімшарт бойынша Корольдіктің түрлі қалаларында жұмыс істейді. Оның ішінде туристік визамен келген және Мекке мен Медина қалаларында уақытша жүрген 11 адам бар.

Елшілік пен Бас консулдық аталған азаматтармен тұрақты байланыста.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, ҚР СІМ, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT