Қазақстанның 300 волонтері БҰҰ Еріктілер бағдарламасына қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IX Азаматтық форумда ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкіл Элвира Әзімова қай салаларда волонтерлерге сұраныс артқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 жыл бойы Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер бағдарламасы мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен белсенді жұмыс істеп келеді. 10 жыл бұрын Ұлттық волонтерлер желісімен ынтымақтастық орнаттық. Біз, волонтерлік ресурсты пайдалануды қажет ететін қоғамдағы өзекті мәселелерді зерттейміз. БҰҰ Еріктілер бағдарламасының миссиясына қатысты екі міндет бар. Біріншісі – мемлекеттерге волонтерлер қозғалысын ілгерілетуге көмектесу. Ол үшін жаһандық деңгейде зерттеулер жүргізіледі. 2018 жылғы соңғы зерттеулер әлемде миллиардқа жуық адамның волонтер екенін көрсетті», - деп атап өтті Римма Сабаева.

Оның айтуынша, БҰҰ Еріктілер бағдарламасы елдерге заңнамалық база мен волонтерлік үлесті бағалау әдіснамасында және басқа да көптеген бастамалар бойынша көмектеседі.

«2021 жылы жаһандық есеп жарияланады. Бұл зерттеуге саясаткерлер, сарапшылар қатысады. Қазақстандық сарапшыларды да осы зерттеуге қатысуға және өз тәжірибелерін көрсетуге шақырамын. Біз дағдарыстарға, техногендік апаттарға және қалпына келтіру жұмыстарына жедел әрекет етуде волонтерлер қажет екенін көріп отырмыз. Бұл бағыттарға сұраныс артып келеді. Денсаулық сақтау, әлеуметтану, психология саласындағы кадрлық волонтерлік ресурстарға да қажеттілік артуда», - деді спикер.

Р. Сарбаева атап өткендей, БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы әлем бойынша жыл сайын 8 мыңға жуық еріктіні жұмылдырады. Бұл ретте волонтерден кәсіби дағдылар талап етіледі, білім беру талаптары да қойылған.

«Соңғы 28 жылда Қазақстанда біздің бағдарламаға 300-ге жуық волонтер қатысты. Биыл БҰҰ Даму бағдарламасы, ЮНИСЕФ, БҰҰ босқындары, БҰҰ Әйелдері және басқалары сияқты халықаралық БҰҰ агенттіктерінде 70 волонтер тартылды. Мұнда мүгедектігі бар адамдар мен осал топ жастарына да сұраныс бар. Келісімшарт жүйесінен басқа онлайн волонтерлік мүмкіндігі де қарастырылған», - деді Римма Сабаева.

Соңғы жаңалықтар