Қазақстанның 3 облысындағы жолдарда қозғалыс шектелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 3 облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

8 наурыз күні сағат 22:45-те Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жол көрінісінің қиындауы) бірқатар автожолда барлық көліктердің жүруіне тыйым салынды.

Олар:

1. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 686-729 шақырымы, Сарыкөл ауылы мен СҚО шекарасы.

2. «Екатеринбург-Алматы» жолының 466-540 шақырымы, Федоровка ауылы мен Қостанай қаласынығ аралығы.

3. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» трассасының 108-232 шақырымы, Әулиекөл ауылы мен Ақмола облысының шекарасы.

8 наурыз сағат 22:45-те Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 729-768 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Тоқсанби ауылы аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

8 наурыз күні сағат 22:45-те Ақмола мен Қостанай облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды.

Нақтырақ айтқанда:

1. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының 232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының арылығы.

2 «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 537-552 шақырымы, Бұзылық пен Сұрған ауылдарының аралығы.

3. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» 70-82 шақырымы, Ақсай мен Бұзылық ауылдарының аралығы.


Соңғы жаңалықтар