Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.98 EUR 428.70
RUB 5.64 CNY 53.48
Жаңалықтар

Қазақстанның 3 облысында ескерту жарияланды

2018 жылғы 17 мамыр 17:37 724
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 3 облысында ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 мамырда Қазақстанның үш облысында желге байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

18 мамырда Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыс желінің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с болуы мүмкін. Кей жерлерге тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды.

Астанада 18 мамыр күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыс желінің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

18 мамыр күндіз Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавлда 18 мамыр күндіз солтүстіктен жел тұрып, оның жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с деп болжануда.

18 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ пен тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат