+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 2 желтоқсан 22:42
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның солтүстік өңірінде -40 градусқа дейін аяз түседі Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Бүгін Балқашта ауа ластанады

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, желтоқсанның 2-5 аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде жауын, қар жауады. 3-5 желтоқсан күндері кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Таразда 3-5 желтоқсан аралығында кей уақытта тұман түсіп, 4-5 желтоқсан аралығында кей уақытта көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 3-5 желтоқсан аралығында тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 3 желтоқсан күні түнде 20°С аяз болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT