Қазақстанның 3 мұнай алпауыты қанша өнім өндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш ірі жобасы - Қашаған, Теңіз, Қарашығанақта мұнай өндіру көлемі 32 млн тоннаға жуықтады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жеті айдың ішінде отын-энергетика саласының дамуында оң өзгерістер бар. Мұнай және конденсат өндіру көлемі 53 млн тоннаны құрады. Яғни, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алты пайыздан астам өсім байқалды. Оның ішінде үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 32 млн тоннаға жуық. Қашағанда - 7,4 млн тонна, Теңізде - 17,2 млн тонна, ал Қарашығанақта 7,3 млн тонна мұнай өндірілді», - деп тоқталды министр.

Оның сөзіне қарағанда, мұнай экспорты 42,8 млн тонна көлемінде бұл былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда, 6 пайызға артық.

«Мұнай өңдеу көлемі 9,2 млн тоннаны құрап, 4,5 пайызға өсті. Үш мұнай өңдеу зауыты 6,4 млн тонна көлемінде мұнай өнімдерін шығарды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары», - деп нақтылады Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар