+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қазақстанның 3 қаласында Сот сараптамалары институттарының ғимараты салынады

2020 жылғы 22 ақпан 12:51
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 3 қаласында Сот сараптамалары институттарының ғимараты салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 3 қаласында Сот сараптамалары институттарының ғимараты салынады.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаева ЕҚДБ Президенті Сума Чакрабартимен кездесті Нұрлан Нығматулин Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады Қазақстанда қанша зейнеткер бар

Бұл жайында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот сараптама органдарын сот сараптамаларын жүргізу үшін стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бұл мәселені шешу үшін министрлік өңір әкімдерімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізуде. Мәселен, өткен жылы Қостанай облысы және Батыс Қазақстан бойынша Сот сараптамалары институттары үшін облыстардың әкімдіктері институттардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын ғимараттар берді», - деп атап өтеді министр.

Оның жазуынша, Ақтөбеде институт ғимаратының құрылысына жергілікті бюджет есебінен 94,6 млн теңге сомасына жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Көлемі 1,5 гектар жер телімі бөлінді. Нұр-Сұлтан қаласында ғимарат салу үшін елорда әкімдігі жер учаскесін бөліп берді және республикалық бюджеттен 2020-2021 жылдарға 1462,4 млн теңге қаражат бөлінді. Осыған ұқсас Шымкент қаласында да ғимарат салу жоспарлануда. Әкімдіктен көлемі 1,8 гектар жер учаскесі бөлінді. Жер учаскесі құжатталғаннан кейін тиісті бюджеттік өтінім берілетін болады.

«Сот сараптамалары орталығы аумақтық бөлімшелерінің бірқатар ғимараттарында жалпы сомасы 44 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, министрліктің аумақтық бөлімшелерінің ғимараттары орталық аппаратын, Атырау, Қызылорда, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сот сараптамалары институттарын орналастыру үшін орталықтың теңгеріміне өтеусіз берілді», - деді Марат Бекетаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT