Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 10 қазан күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің үш қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Атырау, Қарағандыда және Өскемен қалаларында ауаға зиянды заттар шоғырланады. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар