Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 шілде күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, 12 шілдеде Шымкент, Өскеме және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Ал, Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Тараз және Теміртау қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар