USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2018 жылғы 22 мамыр 08:31
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 мамыр, сейсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның көптеген қалаларында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Атырау, Талдықорған қалаларында қалыптасуы мүмкін.

Қостанай қаласындағы метеожағдайлар атмосферада ауаны ластайтын заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Ал, Ақтау, Алматы, Астана, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл және Тараз қалаларында ауа сапасын ластаушы жайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды деп болжануда.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) жасалатын болжам.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT