+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Қазақстанның 3 қаласында 5G қашан қосылатыны белгілі болды

2020 жылғы 30 қыркүйек 11:30
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 3 қаласында 5G қашан қосылатыны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 5G желісі еліміздің ірі үш қаласында қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5G ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 11 тестік сынақ жүргізілді. Керекті жиілік диапазондарын босаттық. Ары қарай операторларға тарату механизмі қарастырылады. Сонымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желілері 2022 жылы іске қосылады. Ал облыстық орталықтарда 2025 жылға дейін жоспарланып отыр», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жыл соңына дейін ауыл халқының 99%-на кең жолақты интернет қолжетімді болатынын мәлім еткен еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT