Қазақстанның 2045 жылға қарай ядролық қаруды толық жою жоспарын әзірлеуге шақыруы маңызды - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 2045 жылға қарай ядролық қаруды толығымен жою жоспарын әзірлеуге шақыруы ерекше маңызды. Бұл туралы «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ядролық қарудан азат әлем идеясы қазіргі күрделі геосаяси жағдайларда оны жүзеге асыру қиынға соғатынына қарамастан, сыртқы саясатымыздың маңызды элементі болып қала береді. Ядролық және зымырандық арсеналдан өз еркімен бас тартқан және әлемдегі ең ірі ядролық полигонды жапқан мемлекет ретінде Қазақстанның ядролық қарусыздану саласында нақты прогресте дегеніне жетуге моральдық құқығы бар.», - деді министр.

СІМ басшысы сондай-ақ қырғи-қабақ соғыстан кейінгі әлемдегі ядролық қаруды қолдану қаупінің ең жоғары деңгейіне қол жеткізу тұрғысында (Стокгольм бейбітшілікті зерттеу институтының баяндамасы сәйкес) Қазақстанның 2045 жылға қарай бұл қаруларды толығымен жою жоспарын әзірлеуге шақыруы ерекше маңызды болып көрінетіндігін баса айтты.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қақтығысушы тараптар үшін өзара қолайлы шешімдерді табу мақсатында диалогқа ашық медиатор-ел беделін лайықты түрде қамтамасыз етті. Бұл жүргізіліп жатқан сирияаралық реттеу жөніндегі Астана процесінен анық байқалады. 15-16 маусым күндері Нұр-Сұлтанда өткен Сирия бойынша 18-ші халықаралық кездесу Женева келіссөздерінің тоқтатылуы жағдайында Сирия мәселесін реттеудегі «Астана форматының» рөлі тек артып келе жатқанын көрсетті», - деді Мұхтар Тілеуберді.


Соңғы жаңалықтар