Қазақстанның 2021 жылғы ЖЕЭК төрағалығы: Тоқаев жұмыс жоспарын жария етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағалығы Беларусьтен Қазақстанға өтеді. Кеңестің бүгінгі отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бұл мақсатта қандай жұмысқа мән беретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық одақтың жарғылық органдарындағы төрағалық жаңа жылдан бастап Беларусьтен Қазақстанға өтеді. Келесі жылы басты басымдықты экономикалық одақ туралы келісімді толыққанды орындауға, кедергілерді жоюға, өзара тиімді кооперациялық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру процедурасын жетілдіруге, оның функционалдығын нығайтуға бергелі отырмыз. Құрметті әріптестер, менің ресми ұсыныстарым келесі жылдың қаңтар айында сіздерге жолданады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Қазақстан Президенті ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық – экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басымдыққа ие бағыты болып қала беретінін жеткізді.

«Алда бізді тағы бір күрделі жыл күтіп тұр. Күш біріктіру арқылы еуразиялық интеграцияның жаңа әрі сапалы деңгейіне шығармыз деген үміттемін», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар