Қазақстанның 2 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың екі облысында жол учаскелері жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақавтожол компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

16 қаңтарда боранға байланысты Сарыөзек-Көктал тас жолының 3-80 шақырымында, нақтырақ айтқанда Сарыөзек станциясы - Басши ауылы учаскесінде автокөліктің барлық түрі бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді.

16 қаңтарда Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 615-683 шақырымындағы учаскеде барлық көлік түрі үшін жол жабылды.

16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қарлы боран) Алматы-Өскемен тас жолының 778-967 шақырымдық учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілгенін (Аягөз-Қалбатау) хабарладық.

16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» автожолының 84-187 шақырымындағы Үржар-ҚР шекарасы учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрінің қозғалысы шектелді.


Соңғы жаңалықтар