ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2021 жылғы 22 желтоқсан, 02:32
Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбіде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 22 желтоқсан күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar