Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынына бір миллион теңге берілді

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны Жания Азаматқызының отбасына бір миллион теңге көлемінде сертификат табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жанияның отбасын құттықтауға Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев пен Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев келді. Олар нәрестенің отбасына зор денсаулық пен бақытты ғұмыр тіледі.

Сонымен қатар Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан алғыс хат беріліп, 1 000 000 теңге көлемінде сертификат табысталды. Онымен қоса, отбасының басқа балаларына да сыйлықтар берілді.

Ұлттық статистикасы бюросының халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 19 миллионыншы Жәния Азаматқызы 2021 жылғы 20 маусымда дүниеге келді.

Бұған дейін жаңа туған нәрестенің ата-анасы мен қазақстандықтарды осындай қуанышпен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған еді.



Соңғы жаңалықтар