+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны қалай анықталды, ата-анасы кімдер

2021 жылғы 4 тамыз 11:52
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны қалай анықталды, ата-анасы кімдер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистикасы бюросы Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны қалай анықталғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында халық саны 900 мыңнан асты Жыл басынан Қазақстан халқының саны қаншаға артты

Ұлттық статистикасы бюросының халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 19 миллионыншы Жәния Азаматқызы 2021 жылғы 20 маусымда дүниеге келді.

Жәния Алматы қаласында туған, отбасында 4-ші бала.

Туу туралы актісіне сәйкес нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады.

Анасы - Назгүл Балтабайқызы Көбентаева, 1986 жылы туған, әкесі - Азамат Әбілғаппарұлы Нұрғалиев, 1982 жылы туған.

19 миллионыншы тұрғынды анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: табиғи қозғалыс өсімін (белгілі бір кезеңде тірі туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымын (еліміздің аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескеріп жүргізілді.

Кандидатура жалпы республика бойынша тұратын жеріне тәуелсіз анықталды.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін 19 009,6 мың адамды құрады.

Еске сала кетейік, кеше Президент қазақстандықтарды елдің 19 миллионыншы тұрғынымен құттықтаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT