Қазақстанның 16 университеті QS халықаралық рейтингісіне қатысты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанның 16 университеті QS халықаралық рейтингісіне қатысты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бағыты бойынша негізгі көрсеткіші екі отандық университеттің QS Халықаралық рейтингісінің ТОП–200 қатарына кіруі болып отыр.

«QS рейтингісіне қатысудағы 9 жыл ішінде оң динамика байқалады. Егер 2013 жылы 8 жоғары оқу орны қатысса, бүгінде олардың саны екі есе өсті. 2022 жылы аталған рейтингіге 16 қазақстандық ЖОО кірді. Оның ішінде топ-500 құрамына 5 ЖОО кіріп отыр. Олар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.Сатбаев атындағы ҚазҰҒТУ, ҚазҰАУ. Топ 200-ге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кірді. 2021 жылы ол 175 орынға, 2022 жылы 150 орынға ие болды. Рейтингіге қатысатын жоғары оқу орындары санының тұрақты өсу үрдісін байқап отырмыз», - деді Саясат Нұрбек.


Соңғы жаңалықтар