USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 9 наурыз 20:30
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 14 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
27 қаңтарда ел аумағында күн райы құбылмалы болады Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10-11 наурызда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 11 наурызда екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.

10 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

10 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.

10 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

10 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с артады.

Күңдіз 10 наурызда Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с күшейеді.

10 наурызда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші таңертең және күндіз 15-20 м/с артады.

10 наурызда Атырау облысында тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 наурызда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с артады.

10 наурызда Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады.

10 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз жылдамдығы 15-20 м/с, Жарма ауданында 25 м/с күшейеді.

10 наурызда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, 15-20, 23-28 м/с екпінмен соғады.

10 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

10-12 наурызда Жамбыл обысында тұман, күндіз 10 наурызда найзағай, 10-11 наурызда көктайғақ күтіледі. 10-12 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, 15-20 м/с екпінмен соғады. 10 наурызда күші 23-28 м/с артады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT