Қазақстанның 14 азаматы Ирактағы жанжал аймақтарынан шығарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Қазақстанның 14 азаматының Ирактағы жанжал аймақтарынан шығарылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның 14 азаматының Ирактағы жанжал болып жатқан аймақтардан шығарылғаны туралы ақпарат алдық. Олардың ішінде бір ер адам, үш əйел және он бала бар. Қазіргі уақытта олар Ирак аумағында, эвакуацияға əзірленіп жатыр», - дейді Ә.Жайнақов.

Баспасөз хатшысының айтуынша, бұл мәселемен Қазақстанның Иорданиядағы Елшігінің дипломаттары айналысуда. Толығырақ ақпарат тағы да жарияланады.

Соңғы жаңалықтар