Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 ақпандағы метеорологиялық жағдайлар еліміздің 13 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін болады.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, желсіз ауа, баяу жел, тұман, инверсия ескеріледі.

Соңғы жаңалықтар