Қазақстанның 11 өңірінде экономикалық даму көрсеткіштері жоғары – Руслан Дәленов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өңірлердің экономикалық даму көрсеткіштері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей. 5 көрсеткіш бойынша 11 өңірде өсу байқалады. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары және Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары. Сауда бойынша жағдай жақсарып келе жатқанын атап өткім келеді. Оң аймаққа 2 өңір шықты. Олар Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары.

Үш өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей. Тағы 3 өңірде 1-2 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар – Қызылорда, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, Қазақстанда құрылыс секторы өте жоғары өсуді көрсетіп отыр. Орындалған жұмыстардың көлемі 12,1%-ке өскен.

«Белсенді құрылыс жұмыстары Түркістан (83,6%) және Жамбыл (49,1%) облыстарында, Шымкент қаласында (59,3%) байқалады. 12,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ке жоғары», - дейді министр.


Соңғы жаңалықтар