Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2022 жылғы 16 мамыр 18:36

Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауады.

Оңтүстік-батыстан, батыстан түнде жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с жетеді.

Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел еседі.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз солтүстікте, облыс орталығында солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан, батыстан, шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақтау қаласында түнде және таңертең күн күркірейді. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел еседі.

Павлодар облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Облыстың оңтүстік-батысынан, солтүстігінен, батысынан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады.

Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал.

Петропавл қаласында күндіз күн күркіреп, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы жерлерінде күндіз найзағай ойнап, солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыс желі есіп, жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT