+7 (701) 759 90 19
USD 415.57 EUR 505.37
RUB 5.65 CNY 64.47
Jańalyqtar

Қазақстанның 11 облысында боран соғатыны ескертілді

2021 жылғы 16 қаңтар 19:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 11 облысында боран соғатыны ескертілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, 17 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің 11 облысында боран соғатыны ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр Әзербайжан астанасында соңғы 9 жылда болмаған аяз түседі

Таратылған ақпаратқа сәйкес, ертең Нұр-Сұлтан қаласында аяз болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Сондай-ақ 17 қаңтарда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге, ал кей жерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Оқтын-оқтын жылдамдығы секундына 30 метрден асатын боран тұруы ықтимал. Аталған облыстардың кей жерінде бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының кей жерін тұман басады. Өңірдің солтүстігінде аяз күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел тұрып, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстанның да кейбір өңірінде аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метр болады. Ал Жарма ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрден астамға жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, аяқ болады. Түнгі уақытта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Орал қаласында көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман басады.

Жамбыл облысының кей ауданында тұман түседі, көктайғақ, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Тараз қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының да кей жерін тұман басып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел тұрады.

17-19 қаңтар күндері Қызылорда облысының кей өңірін тұман басатындығы күтіледі. Маңғыстау облысында да тұман болады.

17-18 қаңтарда Түркістан облысының кей аумағында тұман, аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел соғады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT