Қазақстанның «100 жаңа есімін» жыл сайын жаңарту ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстанның «100 жаңа есімі» жыл сайын ауысып тұруы керек. Қазақстан Азаматтық альянсы үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің кездесуінде «Нұр Отан» партиясы астаналық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев осындай ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Мыңдаған үміткердің арасынан бірегей 100 есімді іріктеп алып, өзге дарынды тұлғаларды құр қалдырған жарамас. Яғни, қалған үміткерлерде жүздікке келер жылы қосыламын деген үміті үзілмеуі керек. Сондықтан, «100 жаңа есім» тізімі жыл сайын ауысып тұруы керек», - деді Владислав Сергеев.

Сондай-ақ, партия өкілі жүз тұлғаның әрқайсысында команда болу қажеттігін баса айтты.

«Әрбір үздік тұлғаның артында тағы 100 адам тұруы тиіс. Олар тұлға үшін бар жауапкершілікті мойнына алып, жобаны ілгерілетуге көмектесуі керек. Мәселен, үздік шыққан тұлғаның бірі дәрігер болса және ол күрделі ота жасағысы келсе, әріптестері, медбикелер көмектеседі және мемлекет оған қаржы бөледі. Егер қандай да бір әнші Еуробайқауға қатысқысы келсе, оның да өз командасы болуы керек және тағы басқасы. Әр тұлға ауыл-ауылды аралап, адамдарға табысты болудың сырын үйреткенше, белгілі бір жобаны қолға алып, алға  қадам басуға ұмтылуы керек», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада «100 жаңа есім» жобасына қолдау білдіру мақсатында құрылған «БЮРО 100» бастамасы аясында Қазақстан Азаматтық альянсы үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кездесті . Онда Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасына үміткерлерді ұсыну және іріктеу мәселелері және ондағы азаматтық сектор рөлі талқыланды.

 

 

Соңғы жаңалықтар