«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарына қалай кіруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысу үшін жаңа форматта жасалған «100esim.el.kz» сайтына өтінім жолдауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Порталдың жаңа форматы іске қосылды. Қазіргі уақытта өтінім қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Порталдың көмегімен бүгінге дейін жобаға 60 қатысушы өтінім берді. Өтінімдерді қабылдау 15 қыркүйекте аяқталады. Осылайша, әр қазақстандық өзінің жетістікке толы өмір жолын онлайн режимде жолдай алады», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Альбина Атен Фейсбуктегі парақшасында.

Қазіргі кезде сайтқа мәдениет, ғылым, спорт, қоғам және медицина салаларында жетістіктерге жеткен 27 адамның өмір жолы туралы мәлімет енгізілген.

Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен «Қазақстанның 100 жаңа есімін» анықтау үшін арнайы жұмыс тобы да құрылды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын құру бастамасын көтерген болатын.

Соңғы жаңалықтар