Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн суытып, ауа райы бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қыркүйек күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Өңірде және облыс орталығы Ақтау қаласында батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с.

Ертең күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде күн күркіреп, шаңды дауыл соғады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны таңертең және күндіз - 15-20 м/с. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Облыс аумағында және Атырау қаласында желдің күші күндіз - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында да солай - ке й жерлерде күн күркірейді, батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны 18 м/с жетеді.

Шымкент қаласында батыстан ескен желдің екпіні - 15-20 м/с болады.

16 қыркүйекте Ақмола облысында және Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 23 м/с дейін күшейеді.

16-17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде және Петропавл қаласында нөсер жаңбыр жауады. Н айзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. О ңтүстік-батыстан және батыстан жел еседі. Жел қарқыны - 15-20, кей кезде 23-28 м/с жетеді.

Ертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Өскемен және Семей қалаларында оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 25 м/с болады.

16 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде және Түркістан қаласында шаңды дауыл соғып, батыстан күшті жел тұрады. Жел қарқыны - 15-20 м/с, күндіз - 23 м/с.


Соңғы жаңалықтар