Қазақстанның 10 облысында жылу беріле бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен 2018-2019 жылдар кезеңінің жылыту маусымына дайындық пен оны ойдағыдай өткізу мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтына сілтемемен.

Кеңеске ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен облыс әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын және халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Облыс әкімдері өкілдерінің хабарлауынша, алдағы жылыту маусымына дайындық аяқталып келеді. Бүгінгі таңда Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында жылу беру маусымы басталып кетті. Жергілікті атқарушы органдардың берген ақпараттары бойынша, негізгі жоспардың 99,99%-ы немесе 10 989 білім беру нысаны дайындалды. 6 246 денсаулық сақтау нысаны дайын, яғни, 100 %.  Жөндеу жұмыстары жоспарланған 45 716 тұрғын үйдің 45 604-і немесе 99,8%-ы дайын. Бұл жұмыс жақын уақытта толық аяқталатын болады.

12 қазандағы дерек бойынша, көмір өндіруші компаниялар жыл басынан бері түрлі маркалы 84,8 млн. тонна көмір өндірген. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 %-ға (4,5 млн.тонн)  артық. Көмір өндіретін кәсіпорындардың қоймаларындағы қорды есептегенде жыл басынан бері 80,55 млн. тонна көмір тиеліп, жөнелтілген. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (79,2 млн. тонна) 1,35 млн. тоннаға артық.

Соңғы жаңалықтар