Jańalyqtar
Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
2020 жылғы 6 желтоқсан 06:14
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасының метеорологиялық ахуалы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің мәліметінше, 6 желтоқсан күні Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавлов, Семей, Өскемен, Шымкент, Көкшетау қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның өзге шаһарларында ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER