+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Қазақстаннан шығуға тыйымның бар-жоғын мобильдік қосымшада тексеруге болады

2021 жылғы 10 маусым 12:23
Бөлісіңіз:
Қазақстаннан шығуға тыйымның бар-жоғын мобильдік қосымшада тексеруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар шет мемлекеттерге шығуға тыйымның бар-жоғын «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасында тексере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қылмыстық істердің 78,6% электронды форматта қаралып жатыр Цифрлық даму саласына жауапты вице-министрлер үшін KPI жүйесі енгізілмек Асқар Мамин цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

ҚР Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасына шет елдерге шығуға салынған тыйымды қарауға, борышкерлер тізімімен танысуға мүмкіндік беретін сілтемені орналастырды.

Мәлім етілгендей, сот орындаушылар бюджет алдында 40 айлық есептік көрсеткіштен астам (116 680 теңге, 1 АЕК - 2917 теңгегег тең) қарызы бар жеке тұлғаларға елден тыс жерге шығуға шектеу қояды. Ал аты-жөні борышкерлер тізіміне енгізіледі.

Мобильдік қосымшаға кіру үшін азаматтың ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) ЖСН-ға байлануы қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT