Қазақстаннан шығарылған аккумуляторлар 9 елге экспортталуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов отандық аккумуляторларға сұраныс жоғары екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екінші индустриялық бесжылдық кезеңінде машина жасауда өнім көлемі 1,2 есеге өсті. Машина жасауда автоөнеркәсіп үлесі 26 пайызға дейін артты. Осы ретте шағырылған автомобильдер тізбесі кеңейтілді. Атап айтқанда, салада өнімдердің жаңа түрлері игерілді. Олардың арасында ақпараттық-коммуникациялық жабдықтар, модемдер, бұрандалы насостар, жарықтандыру құрылғылары, орталық кондиционерлері және басқа да өнімдер бар», - деді министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Алтын сапа» сыйлығын табыстау рәсіміне арналған жиында.

Б. Атамқұловтың сөзіне қарағанда, экспортқа негізделген тоңазытқыш вагондарды шығару ретке келтірілген.

«Біз Орталық Азияда алғаш болып аса қуатты трансформаторлар өндірісін игердік. Индустрияландыру бағдарламасының мүмкіндіктерін іске асырудың жарқын үлгісі ретінде «Қайнар-АКБ» АҚ болып отыр. Біздің аккумуляторлар экспорты 9 елді қамтуда. Сонымен қатар, химиялық өнеркәсіп, фармацевтикалық индустрия, жеңіл өнеркәсіп сенімді қарқынмен ілгерілеп келеді», - деді министр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Алтын сапа» мен «Парыз» байқауларының үздіктерін марапаттады.

Соңғы жаңалықтар