Қазақстаннан Сербияда өтетін Əлем чемпионатына кімдер барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белградта бокстан өтетін əлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша келесі былғары қолғап шеберлері ел намысын қорғайтын болады.

48 кг. Теміртас Жүсіпов (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).

51 кг. Сəкен Бибосынов (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері).

54 кг. Махмұд Сабырхан (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).

57 кг. Серік Теміржанов (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).

60 кг. Саматəлі Төлтаев (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).

63,5 кг. Санатəлі Төлтаев (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).

67 кг. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері).

71 кг. Асланбек Шымбергенов (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).

75 кг. Нұрқанат Райыс (спорт шебері).

80 кг. Нұрбек Оралбай (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).

86 кг. Бек Нұрмағанбет (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).

92 кг. Айбек Оралбай (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).

+92 кг. Нұрлан Сапарбай (спорт шебері).

Ұлттық құраманың бас бапкері - Қайрат Сатжанов.

Команда капитаны - Абылайхан Жүсіпов.

Айта кетейік, биылғы ерлер арасындағы əлем чемпионаты 24 қазаннан бастап 6 қарашаға дейін жалғасады. Бəсекенің жалпы жүлде қоры 2,6 млн АҚШ доллары. Жеңімпаздар 100 000 доллар, күміс жүлдегерлер 50 000, қола медаль иегерлері 25 000 доллар алады.


Соңғы жаңалықтар