Қазақстаннан Ресейге қосымша төрт әуе бағдары ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік «Уральские авиалинии» компаниясы Қазақстаннан Ресейге дейін 4 әуе бағдарын ашуды көздер отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбук парақшасына сілтеме жасап.

«2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы навигация кезеңінде ресейлік «Уральские авиалинии» компаниясы Қазақстан мен Ресей арасындағы 4 әуе бағытын ашып, A319, A320, A321 әуе кемелерін ұшыруда жоспарлап отыр», - делінген комитеттің хабарламасында.

Атап айтқанда, ресейлік компания Жуковский-Алматы-Жуковский (аптасына 5 рет, 2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 29 наурызға дейін 1,2,3,4,5 күні) бағдары және Санкт-Петербург-Алматы-Санкт-Петербург (аптасына 2 рет, 2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 29 наурызға дейін 1,5 күні) бағдары бойы ұшақ шығармақ.

Сонымен бірге, компания Жуковский-Шымкент-Жуковский әуе бағдарын 4-21 желтоқсан аралығында аптасына 2 рет (3,5 күні) және осы жылдың 24 желтоқсанынан 2019 жылдың 24 наурызына аптасына 5 рет (1, 3, 5, 6, 7 күні) ұшырмақ. Төртінші бағдар бойынша тағы бір ұшақ Санкт-Петербург-Шымкент-Санкт-Петербург бағытында аптасына бір рет (2018 жылдың 23 желтоқсанынан бастап 2019 жылдың 24 наурызына дейін 7-ші күні) ұшырылады.

«Бірінші бағыт бойынша «Уральские авиалинии» әуе компаниясы ұшуға рұқсат алды. Қалған бағыттар бойынша үйлестіру жұмыстары жүруде және кейбір кестеге түзетулер енгізілуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар