Қазақстаннан Ресейге инвестиция көлемі 34 пайызға артты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстаннан Ресейге инвестиция көлемі 34 пайызға артты. Бұл туралы екі елдің өңіраралық ынтымақтастық форумының XVIII жалпы отырысына қатысушыларға видеоконференция режимінде сөз арнаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанға ресейлік экспорт та артып келе жатыр. Мұнай өнімдерін жеткізу – 35, болаттан жартылай фабрикаттар – 22, кен және бағалы металдар – 20 пайызға артты, ал астық экспорты еселене түсті», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентінің дерегінше, елімізде ресейліктердің қатысуы бар компаниялар мен қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Олардың саны бүгінде 17 мыңнан асып түседі.

«Қазақстанға ресейлік инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді. Ресейлік инвестиция қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды экономикамызға барынша тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл елдеріміз арасында тиімді экономикалық өзара іс-қимыл қалыптасқанының тағы бір дәлелі. Ресейден Қазақстанға тікелей инвестиция ағыны өткен жылы пандемияға дейінгі деңгейден үштен бірге асып түсіп, 1,9 млрд долларға жетті. Бұған қоса, Қазақстаннан Ресейге инвестиция көлемі де 34 пайызға артып, 535 млн долларға жетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар