Қазақстаннан Өзбекстанның тарихи қалаларына ұшатын жаңа рейстер ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана және Алматы қалалары мен Ташкент арасындағы әуе рейстері көбейетін болды. Бұл туралы ұлттық әуе компанияның ресми сайтына сілтеме жасап бірқатар өзбек БАҚ-тары хабарлайды.

Кеше, 18 қазанда «Өзбекстан әуе жолдары» ҰАК-та «Эйр Астана» АҚ әуекомпаниясының басшылығымен кездесу өтті. Онда тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы жолаушы тасымалын дамыту, елдердің туристік әлеуеттін арттыруға себі тиетін өзге де мәселелерді талқылады.

Келіссөздердің қорытындысына орай, Астана - Ташкент, Алматы - Ташкент бағыттарының тұрақты рейстерін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді, сондай-ақ Қазақстан қалаларынан Өзбекстанның Үргеніш, Бұхара, Самарқант секілді тарихи қалаларына жаңа бағыттар ашу мәселесі талқыланды.

Бұдан тыс, «Эйр Астана» АҚ әуе кемелеріне «Uzbekistan airways technics» авиакәсіпорнының базасында техникалық қызмет көрсету мен жөндеу мәселелері де қаралды.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда «Эйр Астана» АҚ және «Өзбекстан әуе жолдары» ҰАК компаниялары Алматы - Ташкент бағытында аптасына 6, Астана - Ташкент бағытында аптасына 2 рейс жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар