USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстаннан Олимпиадаға қатысатын теннисшілер анықталды

2021 жылғы 15 маусым 10:55
Бөлісіңіз:
Қазақстаннан Олимпиадаға қатысатын теннисшілер анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаннан Токио Олимпиадасына қатысатын теннисшілер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет және спорт министрлігі Бақыт Сәрсекбаевтың пікіріне жауап берді Australian Open: Юлия Путинцева алғашқы айналымнан аса алмады Аустралия ашық чемпионатында алғаш рет тоғыз қазақстандық теннисші өнер көрсетеді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, дүниежүзілік рейтингке сәйкес Токиода ел намысын ерлер арасында Александр Бублик, әйелдерден Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова қорғайды.

Я.Шведова үшін бұл үшінші Олимпиада болмақ.

Іріктеу тәртібіне сәйкес жекелей сында олимпиадалық ойындарға әр елден ерлер мен әйелдерден төрт үздік теннисшіден қатыса алады. Ол үшін ойыншы ATP және WTA рейтингілеріне 2021 жылғы 14 маусымдағы мәлімет бойынша үздік 56 теннисшінің қатарына кіруі керек және Дэвис кубогы мен Федерация кубогында сол елдің атынан өнер көрсеткен болуы тиіс.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілгенін, Андрей Голубевтің жұптық рейтингіде әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына енгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT