Қазақстаннан Моңғолияға маусым айынан бастап тұрақты әуе рейсі ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 3 маусымынан бастап Қазақстан және Моңғолия астаналарының арасында тұрақты рейс ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тікелей рейсті «SCAT» әуе компаниясы іске қоспақ.

«Жаңа халықаралық әуе рейсінің ашылуы екі ел арасындағы экономикалық байланыстар мен туризмді дамытуға, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайтуға бағытталған. Бұл рейс екі ел бизнес нысандарының арасындағы іскерлік байланысты да нығайтуға ықпал етеді», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Министрлік өкілінің айтуынша, тұрақты рейстер әр бейсенбі мен жексенбі күндері қатынайды.

«Ұшу уақыты бір бағытқа 3 сағат болмақ. Әуе рейсі «Boing-737» ұшағы арқылы жасалады» , - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар