+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Қазақстаннан Қытайға ұшақ, автобус пен пойыз қатынасы қай уақытқа дейін тоқтатылды

2020 жылғы 29 қаңтар 18:53
Бөлісіңіз:
Қазақстаннан Қытайға ұшақ, автобус пен пойыз қатынасы қай уақытқа дейін тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаннан Қытайға ұшақ, автобус пен пойыз қатынасы қай уақытқа дейін тоқтатылды? Бұл сұраққа ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы Самат Ғылымов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Болашақ» бағдарламасымен Қытайда оқып жатқан студенттердің мәселесі шешілді Алматы әуежайы Қытайдан келген барлық жолаушыны карантинге жатқызатын болды Елжан Біртанов: Қытайдағы коронавирус жағдайына күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдаған болатын.

Осы шараларға сәйкес, Қазақстан мен Қытай арасындағы ұшақ, автобус пен пойыз қатынасы уақытша тоқтатылады. Ал «уақытша» деген сөз қандай мерзімді білдіреді? Тілшілердің бұл сұрағына Самат Ғылымов жауап берді.

«Жалпы, болжауымша жағдай түзелгенге дейін осы шектеу күшінде болады. БАҚ-тан хабарлағандай, Қытай тарапы коронавирустың шырқау шегі алдағы бір аптада өтетінін жазып жатыр. Сол себепті, бұл сұраққа жағдай тұрақталғанша деп жауап берер едім», - деді Самат Ғылымов.

Ал екі ел арасындағы логистикалық қарым-қатынасқа қойылған шектеу экономикаға қаншалықты шығын келтіруі мүмкін? Бұл сұраққа жауап берген Самат Ғылымов әзірге бұл сұраққа жауап беру мүмкін емес екенін айтады.

«Жүк тасымалы бойынша екі ел арасында ешқандай шектеу қойылған жоқ. Ал жалпы ол шығынның есебі жағдай тұрақталғаннан кейін бірақ белгілі болады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT