Қазақстаннан Қытайға 12 млн тонна мұнай тасымалданды - Бас консул

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай мұнай-газ құбыры арқылы 2017 жылы 44 млрд текше метр газ, 12,3 млн тонна мұнай тасымалданған.Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен Қытайдың Алматыдағы Бас консулы ЧжанВэй айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Чжан Вэй  мұнай тасымалдау арқылы Қазақстан қазынасына түскен салықты да санап берді.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ құбырының Қазақстандағы 7600 шақырымы 8000 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 2017 жылы барлығы 44 млрд текше метр газ бен 12,3 млн тонна мұнай тасымалданып, Қазақстан бюджетіне 160 млн доллар салық түсті. Қазақстандағы түрлі қайырымдылық шараларына 500 мың доллар көлемінде қаржы бөлінді. Қазақстан Қытайға жыл сайын сататын табиғи газ экспортын 5 млрд-тан 10 млрд текше метрге дейін көтермек»,- деді Бас консул.

Чжан Вэйдің айтуынша, Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізінің құрылысы толық аяқталғанда Қорғас арқылы тасымалданатын жүк көлемі жылына 1 млн тоннадан 3,5 тоннаға дейін артады.

«Еуразия құрлығын жалғап тұрған көлік дәлізінің құрылысы толық аяқталғанда Қорғас арқылы өтетін жүк көлемі қазіргі жылына тасымалданып жатқан 1 млн тоннадан 3,5 млн тоннаға дейін артады. Жүк тасымалдау уақыты 45 күннен 10 күнге дейін қысқарып, 460 млн доллар көлемінде экономикаға пайда келтіреді. Соның себебінен, жергілікті халық үшін 50 мың жаңа жұмыс орны ашылады», - деп сендірді Чжан Вэй. 

Соңғы жаңалықтар