Қазақстаннан Қырғызстанға дәрілік препараттар заңсыз шығарылмақ болған

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Кореяда өндірілген дәрілерді Қазақстаннан Қырғызстанға алып өтпек болған ер адам ұсталды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілмек болған заңсыз жүк «Ақ Жол-автожол» бақылау-өткізу бекетінде анықталды.

Қазақстан жағындағы өткізу бекетіне 35 жастағы қырғыз азаматы тізгіндеген Mercedes-Benz жүк автокөлігі келген. Машинаны тексеру барысында шекарашылар Кореяда өндірілген дәрі-дәрмектерді - 11196 қаптаманы тапты. Жүргізуші Қазақстаннан Қырғызстанға тауарларды заңсыз әкетпек болған.

Айта кетейік, жүктің препараттарға ілеспе құжаттары болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған жүктің нарықтық құны 5 миллион сомды құрайды.


Фото: kabar.kg


Соңғы жаңалықтар