+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қазақстаннан қандай тауарлар шетелге шығарылмайды

2020 жылғы 28 наурыз 17:46
Бөлісіңіз:
Қазақстаннан қандай тауарлар шетелге шығарылмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қандай тауарлар шетелге шығарылмайтындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ заңды тұлғалар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны онлайн режимінде алуға арналған сервисті дайындауда. Аталған сервис жақын арада дайын болады», - дейді Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте.

Сондай-ақ, ол қандай тауарды сыртқа шығаруға тыйым салынғаны туралы айтты.

«Биыл 22 наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігі қарақұмық жармасы, бидай немесе қара бидай ұны, қант, картоп, сәбіз, қызылша, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы және күнбағыс тұқымдарын үшінші елдерге экспорттауға тыйым салды. Барлық тауар түрлері әлеуметтік маңызы бар тізімге енгізілген. Жалпы, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 позиция кіреді. Қазіргі уақытта осы тізімге енгізілген барлық тауарлар жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген, ал алдағы алты айға дейін жетеді. Сонымен қатар, отандық тауар өндірісі тоқтап қалған жоқ, сол себепті қорлар үнемі толықтырылып отырады», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT